Айнұр МАНАРБЕКҚЫЗЫ. КАРТАНЫҢ ӘЛЕГІ

Талдықорған қаласында “Қазақ әдебиетіндегі Кемел Тоқаевтың рөлі” атты облыстық шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – білім алушылардың арасынан зяткерлік, шығармашылық қабілеті бар, ұшқыр ойлы, креативті және сыни ойлай алатын ізкесуші, детектив болғысы келетін дарынды, өнерлі оқушыларды анықтау, қолдау. Кемел Тоқаев атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айнұр Манарбекқызы “Жазушы ізімен – жас қаламгер” номинациясында бақ сынап, жүлделі орынға ие болды.

(әңгіме)

Пойыздың терезесінен сыртқа қарап, Рысбек Тлеуович пен Борис Натанович өздерінің өткендерін еске алды. Бориске бұл ауыл таныс еді. Кезінде Рысбек досына жиі келіп, екеуі осы жерде ұзақ уақыт өткізген. Әрбір бұрылыс, әрбір көше бұрышы оның есінде сақталып қалған. Екеуі де соғыс кезінде ауыр жарақат алып, сыңар аяқ болып қалған жандар. Бірақ, олардың арасында ерекше байланыс бар – картаны айтылған жерге жеткізу.

Кенет пойызда шулаған дауыс естілді. Көрші вагонда отырған Дайыров пен Майлыбаев орындарынан  қалай тұрып кеткенін сезбей қалды. Бір нәрсе болды ма деп Дайыров дереу жиналып, терезеден сыртқа қарады. Көпшілік шуласып, не болғанын білуге ​​тырысып жатты.  Рысбек пен Борис бұл жағдайға назар аудармауға тырысты. Сыртта жолаушылардың жиналғаны байқалды. Олардың арасында айқайлаған бір адам – кәрі саудагер Лев Петрович, қолында не болса да, пышақ ұстап тұрды.

– Менің ақшамды қайтарыңдар! – деп айқайлады ол. Жолаушылар арасында үрейленген жүздер мен беймәлімдік сезімі бар еді. Дайыров пен Майлыбаев бір-біріне қарады.

– Бұл не деген сұмдық? – деді Дайыров, дауыстың шыққан жағына қарай жылжып.

Пойыздың ішінде жанжал басталған секілді еді. Күдікті, ашуға булыққан адамның жанында бірнеше жолаушы жиналып, не болғанын түсінуге тырысуда.

Рысбек пен Борис бір-біріне қарап, тез арада әрекет етуге шешім қабылдады. Борис, сыңар аяғына қарамастан, жылдам қадамдармен есікке жақындады.

– Тыныштал! – деді ол.

– Рысбек, біз осылай ұсталып қалу үшін соншама жол жүрдік пе? Сөмкеңді ал да, арғы есіктен шық. Құжаттарды тексеріп қалса, болды дей  бер. Ертең сағат 16-00 де Көксу станциясында, орындық үстінде газет оқып отырған адамға жақындайсың деп жүгіріп кетті.

– Майлыбаев, аналар қашып кеткен бе? Ізіне түс! Біз картаны алатын адамды білуіміз керек! Енді не істедік?  Дайыров ауыр тыныс алды.

– Егер олар картаны алып кетсе, жағдай ушығып кетеді. Майлыбаев іштей қобалжыды. Келесі бағыт – Көксу станциясы.

Борис сөмкесінің ішкі қалтасына қолын тығып, картаның орнында тұрғанына көзін жеткізген соң,   ауылға қарай шығып кетті. Жолда мұртын жабыстырып, бет әлпетін өзгертті. Аз уақыттан соң қарайған ауыл шетіндегі ағаш үйге жақындап келіп:

– Петрушкин, тез аш есікті! Жан-жағына қарап, абыржулы тұр.

Кенет есіктің ішінен Петрушкиннің дауысы естілді:

– Кім?

– Мен, Борис! Бізде уақыт жоқ, есікті аш! Есік біртіндеп ашылғанда, Петрушкинның жүзі қатты алаңдаулы болғаны жүзінен байқалып тұрды.

– Не болып жатыр? Неге  үйге келдің? Біз ауыл сыртындағы ескі зауыт жанында кездесеміз деп келісіп едік қой? – деп сыртқа қарап, жағдайды бағамдап.

– Поездан түсіп қалуымызға тура келді. Милиция ізімізге түскен екен, -деп сыбырлады ол, көзін жан-жағына жалтақтап тастап. Оның дауысы әлсіз, қобалжығандай шықты.  

– Сен мені былығыңа араластырма. Менікі тек жеткізу. Танитын адамым тек сен, – деп,  ашулы көзбен Бориске қарады.

– Бізге мұнда тұрған дұрыс емес, – деді ақырын. Милиция бірден жетеді, енді тым кеш. Петрушкин үнсіз қалды, тек көздері түнеріп, қатты ойланып тұрды. Ол біраз уақытты үнемдеп, дұрыс шешім қабылдауға тырысты.

– Маған шығуға болмайды. Рысбекке картаны сен бересің. Ертең сағат 16-00 де Көксу станциясында, орындық үстінде газет оқып отырасың. Рысбек қасыңа келіп отырған соң сөмкені тастап, тұрып кетесің. Түсіндің бе?

– Түсіндім! Бірақ, үйде Зина бар! Естіп қояды, тыныш! – деп, Петрушкин оны қолынан ұстап тысқа шығармақ болды. Бірақ Зина бәрін естіп қойған. Сырт киімін киіп, терезеден шығып бара жатты.

– Тоқташы, естің бе? – деп, Петрушкин Зинаның бөлмесіне беттеді. Бірақ Зинаның қарасы алыстан көрінді.

– Зина, Зина тоқта! Ақымақ қайда барасың?

– Зинаңды қой! Сөмкені уақытында жеткізуіміз керек. Уақыт тым аз. Ертең пойызбен қайтамын. Сөзді көбейтпей шығайық! Кетейік! – деп, карта салынған сөмкені қойнына қысты. Шығып келе жатқанда қарайған адамның көлеңкесін байқап:

– Сен не? Мені алдайын дедің бе? Ұсталсам сен де жауапқа тартыласың! Немістерге сен де жұмыс жасап жүргеніңді ұмытпа! – деп, жарықты сөндірді.

– Борис, беріле салайық! Бұл әрекетімізден ештеңе шықпас!

– Жоқ, картаны уақытында  жеткізбесем, менің отбасына қауіп төнуі мүмкін. Үніңді шығарма деп қалтасындағы пышақты қолына алды.

Түнделетіп ізіне түскен Талғат пен Дайыров үйдің ішінде оларды не күтіп тұрғанын қайдан білсін. Көрсеткен бағыт бойынша ескі үйге келген. Бұл үй ауылдың шетінде, бұлыңғыр түннің қою қараңғысында мүлдем көрінбейді.

– Мына үйде біреу бар сияқты. Борис осында болуы мүмкін, – деді, Дайыров ішіндегі қобалжуын жасыра алмай. Майлыбаев басын изеп, ішке кірді. Дайыров соңынан еріп, көздерін жайлап үйдің қараңғылығына үйретуге тырысты.

– Талғат, бізге тезірек шығып кету керек! – деген сөзді Майлыбаев соңғы рет естіген сияқты. Жаны қысылып, өне бойы жылып кете барды. Осы кезде Дайыров жерде жатқан Талғатты көріп, сыртқа сүйреп шықты. Бар ойы  Майлыбаевты құтқару. Бірақ, тым кеш екенін сезбей қалды.

   Ұзақ  түннің түнегінде, қараңғылық та аяздай сұр, ал тыныштық тым қатаң еді. Оған дейінгі оқиғалар көз алдынан жүгіріп өтті. Майлыбаевтың соңғы сөздері оның тағдырының соңғы тарауы еді.

Соңғы жазбалар

Шырын Иманәлі. ҚЫЛМЫСТЫҢ КІЛТІ

Кемел Тоқаев атындағы Жеке Қайырымдылық қорының жалпы басшылығымен жүргізіліп...

Кемел Тоқаев. ТОҚТЫ-АКА

I Бұлар кеңестен кейiн ауылға бiрге қайтты. Алматыдан шыққалы бiрсыпыра...

Бүгінге дат,болашаққа хат

Бұған дейінгі жазған «Адалдықты аманаттап» деген мақаламызда Кемел Тоқаевтың...

ЖАНР ЖҮГІН ЖАЛҒЫЗ КӨТЕРГЕН

Қазіргі таңда қазақ детективі дегенді естісек  ең әуелі ойымызда...

Кемел Тоқаев. АСУДАН АСҚАНДА

І Машина Үлкен Меркенiң биiк шоқысын бетке ұстап, өрлеп келедi....