Салауатты балалық шақ – бақытты болашақ

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры мен №1 дәрігерлік амбулатория бірлесіп, даму ерекшеліктері бар балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Бұл — балалық шақтың маңызын еске салып, оның бақытты, қауіпсіз, жарқын әрі мейірімге толы болуы керектігін ескертуге арналған маңызды күн. Балаларды қорғау — мемлекет пен қоғамның басты міндеттерінің бірі екені сөзсіз.

Мерекеге келген кішкентай қонақтар үшін арнайы дайындалған қызықты бағдарлама ұсынылды. Балалар көңілді әуенмен қуыршақтармен бірге би билеп, мақта кәмпиттері мен түрлі тәттілерден дәм татты.

Сонымен қатар, балалар ультрадыбыстық диагностикадан, жалпы практика дәрігерлерінен тексеруден өтті. Сондай-ақ физиотерапия және емдік дене шынықтыру кабинеттерінің қызметіне жүгіну мүмкіндігіне ие болды.

Соңғы жазбалар

Кемел Тоқаев шығармашылығындағы ұлттық таным мен «Адал азамат» концепциясының көркемдік көрінісі

Ұсынылып отырған мақалада қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін салушы,...

ШЫҢЫНАН КӨРІНГЕН ШЫНАЙЫ ОЙЛАР

Қазақта «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген жақсы мақал...

Кемел Тоқаев шығармаларындағы этнолингвистикалық атаулардың танымдық мәні

Әрбір халықтың өзіндік тілдік ерекшелігін анықтайтын дәстүр болмысы, ұлттық...

Алмас САҚБАЕВ. УАҚЫТТЫҢ ҚЫЛМЫСЫН ЖАЗҒАН ҚАЛАМГЕР

Жазушы Кемел Тоқаевтың романдарын, повесть, әңгімелерін замандас, қаламдастарынан бөлек...

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕНІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Қазақ халқы бала тәрбиесін қашан да басты орынға қойған....