МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Кемел Тоқаев атындағы орта мектептің акт залында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» атты шығармасының желісімен сахналанған «Мейірім шуағы» спектаклі көрермен назарына ұсынылды. Бұл қойылым Тұрар Шабарбаеваға арналды. 

Ақтөбе облысындағы Қамбар Медетов атындағы Мәртөк балалар өнер мектебінің «Актерлік өнер» сыныбында тәлім алып жүрген шәкірттер бұл туындыны кең аудиторияға ұсынды. 

«Әке туралы ой-толғау» кітабында кеңінен көрініс тапқан отбасы ұғымы, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік секілді асыл құндылықтар қойылым барысында көркем тілмен өріліп, көрерменнің жүрегіне жол тартты. Шығарманың мазмұнына терең бойлаған жас өнерпаздар сахналық бейнелер арқылы өз сезімдері мен ықыластарын шынайы жеткізіп, ата-ананың аманатына деген адалдық пен мейірімділікті көркем түрде көрсете білді. 

Спектакль көрерменге ерекше әсер қалдырып, жан тебірентерлік сәттермен өріліп, отбасы, ата-ана туралы терең ойға жетеледі. 

Қойылымнан кейін жас актерлер мен олардың шығармашылық жетекшілері Кемел Тоқаевтың музейіне және жазушының жұмыс кабинетіне арнайы барып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен етене танысты. Сонымен қатар, Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры балалар өнер мектебінің оқушыларына арнап кітаптар сыйға тартты. Бұған дейін спектакльдің премьерасы Ақтөбе қаласындағы шығармашылық Академиясының сахнасында өткен болатын.

Соңғы жазбалар

«ЖАЛҒЫЗҚАРА» ҒҰМЫРНАМАЛЫҚ-ТАНЫМДЫҚ РОМАНЫ

      Кемел Тоқаев мұражайында...

Нұрай НҰРСАПА. КЕМЕЛДЕНГЕН ШЫҒАРМАЛАРЫ

    Көркем әдебиет жанрының...

Алмагүл МАЛДЫБЕКОВА. ШЫТЫРМАН ОҚИҒАНЫҢ ШЫНАЙЫ БЕЛГІСІ

   Қазақта «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген...

Айнұр МАНАРБЕКҚЫЗЫ. КАРТАНЫҢ ӘЛЕГІ

Талдықорған қаласында "Қазақ әдебиетіндегі Кемел Тоқаевтың рөлі" атты облыстық...

Шырын Иманәлі. ҚЫЛМЫСТЫҢ КІЛТІ

Кемел Тоқаев атындағы Жеке Қайырымдылық қорының жалпы басшылығымен жүргізіліп...