Біріміз аға, біріміз іні іспетті. Бірақ ол әскерде болған. От пен су кешкен. Әбден ысылған. Тәжірибелі азамат. Көпті көріп, көпті біліп, ақыл-ойы толысқан салиқалы азамат. Өнер адамы. Дәлірек айтсам, бірнеше кітаптың авторы, жазушы. Мен болсам, бар болғаны балалық, мектеп, университет, студенттік кезең, журнал редакциясы… Көркем әдебиетке төте жолмен келген жас ақын. Бірақ біраз кітабын шығарып та үлгерген, белгілі дәрежеде тәжірибелі қаламгермін. Байқаймын, тәрбиеміз, мінезіміз ұқсас, тіптен көптен таныс, керек десеңіз, әбден сырлас адамдардай, жатырқамай жақындасып кеттік..
Ұлы Отан соғысы ұлы жеңіспен аяқталды. Бейбіт тіршілікті, қағаз бен қаламын аңсаудай-ақ аңсап келген жас күш, дарынды топ оралған бойда ойсыраған ортаны толтырып, ел алдындағы, бейбіт тіршілік алдындағы азаматтық борыштарын ақтауға кірісті. Қанды майданның қақ алдында жүрген нағыз жауынгерлер, халық қаһарманы Мәлік Ғабдуллин «Менің майдандастарым», «Алтын жұлдыз», «Майдан очерктері», «Ер намысы – ел намысы», «Сұрапыл жылдар» кітаптарын, Бауыржан Момышұлы «Наш генерал», «Жонарқа», «Наша семья» тәрізді тамаша туындыларын жарыққа шығарды. Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндері», Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Курляндиясы», кейін бұл «Күткен күн» деген атпен қайта жазылды, Сәуірбек Бақбергеновтің «Қарға тамған қан», «Талғат» повестері, Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов, Өтебай Қанахиннің әңгіме-повестері жарық көрді. Қай кезде, қай кезеңде болмасын, аянбай еңбек еткен, өз әдебиеті, өз өнерлері үшін бар ғұмырын арнаған қарапайым қажырлы қаламгерлерді марқұм Мұхтар Әуезов «Еңбек торылары» деп атаған-ды. Міне, дәл осындай талмай еңбек еткен еңбек торыларының бірі дарынды топтың қақ ортасында жүрген Кемел Тоқаев ағамыз болатын. Бұл ойланбай айтылған сөз, беріле салған жәй баға ғана емес. Марқұм Кемел Тоқаев Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, басқа да көптеген медальдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен және омырауға тағатын арнаулы белгілермен наградталған. Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ ССР Ішкі істер министрлігі Совет милициясы мен чекистерге арналған таңдаулы туындыларға бәйге жариялағанда .Кемел ағамыз 1956, 1972, 1977, 1980 жылдары бірінші бәйге алып, төрт мәрте лауреат болған-ды.
Батыл айтуға болады, жас жазушылар ғана емес, қалыптасқан тәжірибелі жазушылар үшін де үлкен жетістік және әдеби қуаныш. Әдеби мойындау. Мұндай шұғылалы сәттер өнер адамында күн сайын болып жатпайды. Сенім үстіне сенім қосады. Қаламгерді құлшындырады. Желпіндірсді. Жоғарыда айттым, Кемел ағамыз өте сабырлы, өте ұстамды адам болатын. Алып-ұшып қуана қоймаған секілді. Бұрынғы қалпынан, ырғағынан жаңылмай, жорғасын бұзбай жұмысын істей береді. Маған Кемекеңнің осы бір ұстамдылығы, еңбеккерлігі қатты ұнайтын.
Адамзатты жамандасаң – адамды, адамды жамандасаң – өзіңнің жамандығыңды мойындағаның. Бірақ, өкінішке орай, адамның аты адам, шынын айтканда адам деп жүргеніміз – пенде. Жеме-жемге келгенде адамдығын пенделігі жеңеді. Тіпті, ең мықты деп жүрген, іштей сыйлап жүрген ағайынның өзінен көңілің қалады. Сөзіміздің растығын дәлелдеу үшің біраз мысал келтіруге болар еді, тәуекелім бармайды, тәрбием де жібермейді. Өздерімізді қоя түрып, өзге әдеби ортадан мысал келтірген жөн тәрізді.
Александр Твардовскийді өткен ғасырдағы ең мықты орыс ақыны деп есептеймін. Солайы солай. Ол – мыңдаған орыс оқырманының сүйікті ақыны. Сөйте тұра сол алып ақынның да пенделігін байқап қалғанбыз.
Борис Пастернакты ақын емес деген адамның аузы қисайып кетер еді. Бірақ Александр Твардовский өте күрделі азамат болатын. Менің байқауымша, ол тірі ақындардан тек Михаил Исаковскийді қалтқысыз мойындайтын, тек соны жақсы көретін. Советтік поэзияның ауыр жүгін көтерген Маяковскийді, Кирсановты, Сельвинскийді, тіпті қалың орыс қауымы сүйіп оқыған сол дәуірдің мәшһүр ақыны Эдуард Багрицкийдің өзін ұнатпайтын. Солардың қатарына Борис Пастернакты да қосатын. Олардың өлеңдерін жарияламайтын. Өлеңдерін дейміз-ау, Борис Пастернактың «Доктор Живагосын» «Новый мир» журналына жариялаудан бас тартып, бас тартып қана қоймай, ол романға деген қарсылығын білдіріп, ашық хат жазды. Сол хат арқылы басқа журналдардың да жолын кесіп тастады. Ұлы адамдардың бойында да қызғаныш сезімі бықсып жанып жатады-ау деймін. Тап осы жолы Твардовский өзінің ұлы беделімен Борис Пастернакқа қатты зиянын тигізді. Әйелдердің тілімен айтқанда, «тұқымың құрғыр қызғаныш!» өлі-тіріге қарамайды. Лев Толстой өзінің замандасы, отандасы Достоевский жетпегендей, жарты ғасыр бойы үзбей оқып, үзбей көріп жүрген Бернард Шоудың түгін қалдырмай очерк жазды. Мақаланың аяғында «…Я думаю, что чем скорее освободиться от ложного восхваления Шекспира, тем это будет лучше… Люди освободившись от этого гипноза поймут, что ничтожные безнравственные произведения Шекспира и его подражателей, имеюшие целью только развлечения, забавы, зрителей никак не могут быть учителями жизни…»
Әр әдебиеттің қасіреті өзіне жетеді. Бірақ басқалармен салыстырғанда қазақ әдебиетінің мұңы басым ба деп қаламын. Шамамен, отызыншы жылдардың басында күрт көтерілген біздің өнеріміз. Әсіресе әдебиетіміз отызыншы жылдардың аяғында, ашық айтқанда, апатқа ұшырады. Болашақ алыптарымыз Пушкин жырындағындай «Сонау Сібір түкпіріне» жер ауда-. рылды. Айдалғандар айдалды… Айдатып жібергендерден не күтуге болады?! Социализмді мадақтағандар ғана аман қалды. Осындай бір қасіретті өткізер-өткізбестен Ұлы Отан соғысы басталды. Қалғандарын сыпырып сонда апарып салды. Құдайға шүкір, қанды майданнан аман-сау оралғандардың арқасында, біраз ғана уақыт ішінде қазақ әдебиеті қалпына келді. «Игіліктің ерте-кеші жоқ» дегендей, айдалып кеткендердің де елге оралып, есіміз кіріп қалды. Сол кездері «жылымық» аталған аз ғана уақыт әдебиетке жап-жақсы жол ашқандай болды. Бірақ бұл қызығымыздың өзі ұзаққа бармады. Суслов деген сұрқай кардинал тізгінді тежемесе болмас деп шешті. Борис Пастернак, Александр Солженицын, Синявский, Иосиф Бродскийдің кітаптарына тыйым салып, олардың біразы шетелге кетуге мәжбүр болды. Елінде, туған жерінде таппаған әділдікті Александр Солженицын мен Иосиф Бродский жат жерден тапты. Рас, біраз жылдардан кейін Солженицын Отанына қайтып оралды. «Ештен кеш жақсы» дегендей ғұмырының соңғы жылдарында ел құрметіне бөленді. Ал Иосиф Бродскийге туған жердің топырағы бұйырмады. Ол өзінің тілшілерге берген сұхбаттарында «қалған ғұмырымды Италияда өткізгім келеді» деген еді. Онысы да іске асқан жоқ. Жазар болсақ, бұл жөнінде бірақ нәрсе айтуға болады. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Бердібек Соқпақбаевтың өмірін де жетіскен өмір деуге болмайды. Ол өзінің саяжайында асылып өлген тәрізді. Өз басым оған сенбеймін. Дарда асылып тұрғаны рас. Бірақ асылудың тарихы белгісіз.
Дүниежүзілік әдебиеттің тарихына үңілер болсақ, өкінішке орай, бақытты болған, ең бастысы, мен бақыттымын деп ырза боп өткен дарын иесін естіген жоқпын. Оларды, әрине, ақын бол, жазушы бол деп ешкім зорлаған жоқ. Кім болу әркімнің өз еркіндегі шаруа. Дарын деген, талант деген ерекше қасиетті алып жүрудің өзі өте ауыр. Ал сұрап алған ауруға ем жоқ. Сондай бір сұрап алған аурудың иесі Қасым Аманжолов. Баласына арнап жазған бір өлеңінде барлық мамандықты айтып келіп, аяғында «Ақын болма бірақ та!» деп түйеді. Француз әдебиетінің көрнекті классигі Стендаль көзінің тірісінде қоғам қүрметіне бөлене қоймаған. Оқырманлары да көп бола қоймаған еняқты. «Оқасы жоқ. Мені бір ғасырдан кейін жабыла оқитын болады!» деп сәуегейлік сөз айткан. Абырой болғанда, бір ғасыр толар-толмастан Стендаль өте көп оқылатын сүйікті де сүйкімді авторлардың біріне айналды. Ғажап! Жасыратыны жоқ, өнер иелерінің, әсіресе, жазушылардың басым көпшілігі алда бәрі жақсарады деп ойлайды. Бірақ ол болжам. Ол арман, ол сәуейілік орындала бермейді.
Елу миллион халқы бар ел қалай ойласа, солай ойласын, біздің көп нәрсеге мүмкіндігіміз жоқ. Ат төбеліндей аз ұлттар несіне сенеді?! Аз дегенде бес, алты миллион халқы бар татар халқының ұлы перзенті Ғабдолла Тоқайдың өзі «Әттең, милләгім татар, әйтпесе Пушкинмен тұрар ем қатар!» деп қамыққан!
Есімде бар, Мұхтар Әуезов сияқты әулиеміз дүние салғанда отыздың ар жақ-бер жағында екем. Сол қаралы күндерде «Аз халықтың ұлына ұлы болмай болмайды!» деп жазған едім. Сөйтсек, ұлы болу да аз екен. Ұлы адам алдымен төзімді болуы керек екен ғой!
Не көрмеді демекші, «Слово об отце» («Әке туралы толғау») кітабында Қасым-Жомарт Тоқаев әкесінің де, атасының да бастан кешкен ауыр тірлігін, аянышты хал-ахуалдарын әдемілеп айта білген. «По вечерам со слезами на глазах он сидел рядом с парализованной женой, пытаясь хоть как-то утешать ее, жалостливо разглядывая своих детей, словно предчувствуя надвигаюшую трагедию. И она не обошла их дом. Это случилось в 1933 году. Тот год был особенно тяжелым, люди продолжали голодать, ежедневно умирали сотями тысяч.
В один из дней дед, как всегда работал в хозяйском доме, после чего решил пойти на городской базар, чтобы обменивать на хлеб полученные за работу старые хозяйские сапоги… По пути в город их настиг милицейский патруль, останавливавший беспризорных детей. Приняв двух плохо одетых мальчиков за сирот, милиционеры задержали их и силком пасадили в телегу.. На детские крики и заверения о том, что они не беспризорники, что у них есть родители, милиционеры не обрашали никакого внимания… Так мой отец оказался сиротой при еше живых родителях, которым оставалось жить совсем надолго.
Как я уже писал, в тот трагический день в доме оставалась бабушка со своей маленькой дочерью. Сестренка отца иірала у печки, греясь от сильного холода. В какой-то момент она оступилась и оказалась в огне той самой элополучной печки. > Assylan Tlegen: Парализованная мать ничем не могла помочь ребенку, оставалось с ужасом наблюдать как родное дитя медленно сгорает в огне. Через несколько минут она тоже умерла от пережитого ужаса.
В ту же ночь дед покинул хозяйский ДОМ И больше его не видел никто. Он исчез бесследно…»
Осы үзінділерге қарап Тоқаевтар отбасында қандай қиын да қасіретті кездер өткенін анық сезінесің. Ауыр. Өте ауыр! Соның бәрін көріп өскен Кемел Тоқаев қандай болмақ?! Ол, менің байқауымша, өте төзімді, сондай шыдамды, сондай шүкіршіл және кеңпейіл адам болатын. Баласы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазуына қарағанда «Он был невероятно усидшив и трудолюбив». Менің ойымша жазушы үшін бұдан артық анықтаманың керегі жоқ. Дәл осы қазір есімде жоқ. Әйтеуір бір ұлы жазушы, данышпандардың бірі болуы керек, «Жазушы болу үшін бір пайыз дарын, тоқсан тоғыз пайыз еңбеккерлік керек» деген екен. Осы сөзге өз басым қалтқысыз қосыламын. Бір пайыз дарын аздау шығар. Бірақ, негізінен, дұрыс пікір. Кемел Тоқаевтың қандай жазушы екені баршаға мәлім. Өз басым марқұмның әдеби абыройы өсе түспесе, биіктей түспесе, төмендемейді деп үмітпен қараймын.