ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ӨТЕТІН ЭССЕ/МАҚАЛА БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай оқушылар арасында эссе/мақала жазу бойынша өтетін республикалық «КЕМЕЛ ҚАЛАМГЕР» шығармашылық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың басталуы:2023 жыл, 22 мамыр

Байқаудың аяқталуы: 2023 жыл, 22 тамыз

«Кемел қаламгер» республикалық шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Байқау) жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өткізіледі.

  1. Байқауға 7-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.
  2. Эссе/мақала – қазақ детектив жанры жайлы немесе Қаламгер Кемел Тоқаевтың шығармашылығы жайлы болу керек;
  3. Эссе/мақала 1,5 парақтан аспауы және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт;
  4. Қатысушы эссе немесе мақаласымен бірге қосымша форманы толтырып жіберуі керек.
  5. Қатысушылар жұмыстарын kemel.qalamger@gmail.com электрондық поштасына жіберуі керек; 
  6. Ұйымдастырушылар келіп түскен жұмыстарды іріктейді;
  7. Іріктеуден өткен эссе/ мақалалар сайтқа және ашықтық қағидасына сәйкес Telegram қосымшасындағы «Кемел қаламгер байқауы» каналында (https://t.me/kemel_qalamger) және ресми сайтта жарияланады. Қолданушылар телеграм каналына салынған материалдармен танысып, өз реакциясын білдіре алады. Ол қазылар алқасы қорытынды шығарарда ескеріледі.
  8. Қазылардың шешімі қайта қаралмайды
  9. Қазылар құрамы педагог-сарапшылар, әдеби порталдың бас редакторлары және балалар жазушыларынан тұрады.
  10. Жеңімпаздар әр аймақ бойынша: (Батыс аймақ: Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал т.б батыс өңірлері;Шығыс аймақ: Абай облысы, Шығыс Қазақстан, Семей т.б шығыс өңірлері;   Оңтүстік аймақ: Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда т.б оңтүстік өңірлері;  Солтүстік аймақ: Астана, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Солтүстік Қазақстан т.б солтүстік өңірлер)  жеңімпаздар анықталып, бір реттік стипендия тағайындалады.

ЭССЕ/МАҚАЛА  ЖАНРЫ БОЙЫНША ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:

(Оқушылар арасында)

I ОРЫН (төртеу) – 1 000 000 (бір миллион) теңге

II ОРЫН (төртеу) – 800 000 (сегіз жүз мың) теңге

III ОРЫН (төртеу) –  600 000 (алты жүз мың) теңге

Маңызды! Қатысушы эссе/мақаламен бірге төмендегі форманы толтырып жіберуі міндеттеледі!

Қатысушының аты-жөніБүркеншік аты:Мектебі туралы ақпаратЭссе/мақаланың атыӨңіріБайланыс
1Жанатқызы АйсұлуAi-SuluАқмола облысы, Ерейментау ауданы, №3 жалпы білім беретін мектепҚазақ детектив жанрының атасыСолтүстікТелефон номері көстерілуі керек

Соңғы жазбалар